Қарағандыда мопед ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: Zakon.kz
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық полиция басқармасына 20 жастағы тұрғын мопедінің жоғалғаны туралы арызданған.
Жәбірленушінің айтуынша, күнделікті үй ауласында тұратын екі дөңгелекті көлігі белгісіз жағдайда қолды болған. Келтірілген шығын көлемі 250 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол — 18 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында күдіктінің түнгі уақытта үйіне қайтып бара жатып, аулалардың бірінде тұрған мопедті байқап қалғаны анықталды.
Алғашында көлікті басқа аулаға апарып қоюды ойлаған ол кейін бірнеше әрекеттен соң қозғалтқышты оталдырып, мопедті айдап кеткен. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ұрланған мопед заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript