Алматы облысында полицей қызыл жалын арасынан 90 жастағы әжейді аман алып шықты

Полиция, полицейский, полицейские, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2026 09:24 Фото: polisia.kz
Алматы облысы полиция департаментінің қызметкері Жасұлан Нұрасылов түнгі уақытта болған өрт кезінде батылдық танытып, зейнеткерді аман алып қалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, әуелі үйдің жапсарлас құрылысы өртеніп, кейін жалын кейуана жатқан жазғы ас үйге тараған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға түнгі сағат шамамен 03:00-де болған. Полиция қызметкері көрші үй аумағынан шыққан өртті байқап қалып, дереу көмекке асыққан.

"Жағдайдың күрделілігіне қарамастан, Жасұлан Нұрасылов бір сәт кідірместен әрекет еткен. Ол қоршауды бұзып кіріп, қалың түтін басқан жазғы ас үйден ұйықтап жатқан әжейді тауып, қауіпсіз жерге алып шыққан. Кейін үйдегі өзге тұрғындарды оятып, олардың да дер кезінде эвакуациялануына көмектескен",- деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар полицей өрт туралы шұғыл қызметтерге хабар беріп, өрт сөндірушілер келгенге дейін жалынның таралуына жол бермеу үшін қолдан келген шараларды жасаған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды жедел сөндірді. Осылайша, полицейдің батыл әрі шапшаң әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алып, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.

Бұған дейін Маңғыстау облысында тарихи жерасты мешітін бүлдіргендер іздестіріліп жатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: