"Адамдар көшеде жүре алмай қалды". Ақтөбені жаңбыр суы басып кетті

Жаңбыр суы, Ақтөбе, жаңбыр, көше, көлшік, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2026 21:57 Сурет: magnific.com
Жауын-шашынның жылдық мөлшері 8 маусымда Ақтөбеде бір күнде түсті. Адамдар көшеде тобығынан келетін суды кешіп, ал көліктер көшелерде, бейнелеп айтқанда, "жүзіп" жүр. Нөсер жаңбырдың құйғанына бір сағаттан сәл асса да қалалық магистральдар су астында қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диапазон" газеті жазғандай, Ақтөбеде аулалар мен жолдар су астында қалды: адамдар тобықтан асатын суды кешуге мәжбүр, ал көліктер үлкен шалшықтардан әрең өтуде. Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде табиғаттың мінезі салған лаңды түсірген суреттері және видеоларымен бөлісуде.

"Нұрдәулет" аялдамасы ауданындағы орталық көшеде ерекше күрделі жағдай қалыптасқан. Қазір ол жерден өту мүмкін емес, жаяу жүргіншілер өткелі толығымен су астында қалды, ал үлкен шалшықтарды айналып немесе секіріп өту мүмкін емес, - дейді жергілікті тұрғындар.

"Ерназаров көшесіндегі арықтар толып кеткен, бір жерде кептеліс бар, су жүрмеуде. Барлық су аулаларға кетті. Нағыз аласапыран. Жаңбыр суына арналған арналардан енді пайда жоқ, өйткені су өте көп. Жауын-шашынның мөлшерден тыс түскені түсінікті, бірақ жаңбыр бәрін әбігерге салуда. Мен Алтын Ордаға Сәңкібай батыр даңғылымен бардым, ол маңда ерекше проблемалар жоқ, демек жаңбыр суына арналған арналар жаңа немесе жақсы тазартылған, жүруге болады. Мәңгілік ед даңғылында да жағдай қалыпты. Бірақ қала орталығында, әсіресе Әбілқайыр хан даңғылының бойы нағыз сұмдық! Нұрдәулет аялдамасында не болып жатқанын қараңыз, теңіз бе дерсіз!",- дейді жергілікті тұрғын Лейла.

Әкімдік соңғы үш аптада Ақтөбеде бір жылдың жауын-шашын мөлшері түскенін, бұл қаланың суағар жүйесіне елеулі жүктеме болғанын айтады.

Коммуналдық қызметтер суды сорып жатыр, көптеген техника қала орталығында кездесті. Алайда, жаңбырдың салдарымен күресу оңай емес: жауын-шашынның мөлшері тым үлкен.

"Қазіргі уақытта қала көшелерінде 110 ассенизатор машинасы, бес сорғы станциясы және мотопомпалар жұмыс істеуде. Бірінші кезекте көше-жол желісінен су айдау жүргізіледі. Көппәтерлі үйлердің аулаларында су айдауды ПИК және МИБ төрағалары тұрғындармен бірлесіп ұйымдастыруы тиіс. Жаңбыр суын ағызу үшін 30 арнайы орын анықталды. "Қазгидрометтің" мәліметінше, өңірде нөсер жаңбыр ағымдағы аптаның соңына дейін жалғасады", – деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: