Алматы облысында құтқарушылар жеке тұрғын үй аумағынан жылан ұстап алды

Жылан, Алматы облысы, Кемертоған, жеке тұрғын үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2026 16:01 Сурет: pixabay
Қарасай ауданы, Кемертоған ауылындағы "Таңдаулы Сенім" саяжай қоғамынан 112 пультіне ерекше шақырту келіп түсті. Жеке тұрғын үйдің тұрғындары ауладан жыланды байқап, ТЖМ-дан көмек сұраған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына келген құтқарушылар жағдайды бағалап, арнайы құралдың көмегімен бауырымен жорғалаушыны қауіпсіз жағдайда ұстап алды. Кейін жылан тұрғын үйлер мен адамдар жүретін жерлерден алыс, табиғи мекендеу ортасына жіберілді.

Мұндай шақыртулар әсіресе жылы мезгілде жиілейді. Себебі бұл уақытта жыландардың белсенділігі артып, олар кездейсоқ үй іргесіндегі аумақтарға немесе шаруашылық құрылыстарына кіріп кетуі мүмкін.

ТЖМ ескертеді: жыланды көрген жағдайда оны өз бетіңізше ұстауға немесе қуып жіберуге әрекет жасамаңыз. Сабыр сақтап, қауіпсіз арақашықтықты ұстаныңыз және балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Егер жылан қауіп төндірсе, 112 нөміріне дереу хабарласыңыз.

Бұған дейін Алматы қалалық ТЖД мегаполис тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтауды және 4-5 шілдеде тауға шығудан бас тарта тұруды ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: