Жертөлеге құлаған ер адамды құтқарушылар алып шықты

жертөлеге құлаған адамды құтқарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2026 09:17 Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Алматы облысының Іле ауданында құтқарушылар жертөлеге құлап кеткен ер адамды сыртқа шығаруға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

69 жастағы ер адам абайсызда жертөлеге құлап, өздігінен сыртқа шыға алмаған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері келіп, арнайы құтқару құралдарының көмегімен ер адамды жертөледен абайлап алып шықты.

Одан кейін зардап шеккен азамат жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, медициналық тексеруден өтіп, қажетті көмек көрсетілді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу керектігін еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: