Қауіпті қазақстандық қылмыскер бостандыққа шығып, қайта қылмыс жасады: оған қандай жаза тағайындалды

СИЗО, следственный изолятор, подозреваемые, обвиняемые, подсудимые, осужденные, следствие, заключение, камера, решетка, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 10:43 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Петропавлда аса қауіпті қылмыскер Валерий Кричиневскийге қатысты кезекті сот үкімі шықты. Бұған дейін өмірінің 40 жылдан астам уақытын түрмеде өткізген ер адам бұл жолы әйелге шабуыл жасағаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Qazaqstan Media басылымының мәліметінше, Үкімді Петропавл қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Тахмина Собирова жариялаған.

Кричиневскийдің қылмыстық тарихы 1983 жылдан басталады. Сол жылы ол алғаш рет сотталып, алты жылға бас бостандығынан айырылған. 1991 жылы тағы тоғыз жыл жаза алған.

Алайда оның аты елге 1990-жылдардың соңындағы аса ауыр қылмыстардан кейін кеңінен танылды. Ол Петропавл мен оның маңындағы елді мекендерде әйелдерге шабуыл жасап, оларды тонап, күш қолдана отыра өлтірген.

1998 жылдың желтоқсанында оның құрбаны небәрі тоғыз жастағы Наташа болды. Мектептен үйіне қайтып келе жатқан қыз жоғалып кетіп, кейін оның денесі орманды алқаптан табылған. Бұл қылмыс бүкіл өңірді дүр сілкіндірген еді.

Осы іс бойынша Кричиневский 25 жылға бас бостандығынан айырылды.

2024 жылғы 12 қаңтарда ол жазасын толық өтеп, бостандыққа шықты. Алайда оған сегіз жыл мерзімге әкімшілік қадағалау белгіленді.

Дегенмен оның бостандықтағы өмірі ұзаққа созылмады.

2026 жылдың маусымында Петропавл тұрғыны саяжайдан қайтып келе жатқан кезде оған Кричиневский жақындаған. Әуелі тілдесуге тырысқан ер адам кейін әйелге қорқыту сипатындағы сөздер айтып, күш қолдануға әрекет жасаған.

Әйел қарсылық көрсеткен. Осы сәтте маңынан кездейсоқ өтіп бара жатқан адамның пайда болуы шабуыл жасаған ер адамның назарын бөліп, жәбірленушіге қашып шығуға мүмкіндік берген. Әйел дереу полиция шақырған.

Күдікті көп ұзамай ұсталды. Оны анықтауға электронды білезік те көмектескен.

Сотта Кричиневский өз кінәсін мойындамады. Ол әйелге сексуалдық сипаттағы әрекет жасауға емес, тек телефон ұрлауға барғанын айтып, жәбірленушінің телефонын тартып алғанын алға тартқан. Алайда сот оның бұл нұсқасын негізсіз деп таныды, делінген хабарламада.

Сот қылмыскердің әрекетін қауіпті рецидив деп бағалап, оған тағы 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейтін болады.

Сот отырысы жабық режимде өтті. Белгілі болғандай, Кричиневский түрмеден шыққаннан кейін "жаңа әлемге" бейімделудің қиын болғанын айтқан.

Үкім жарияланған кезде ол журналистерге өзін түсіруге және суретке түсіруге тыйым салды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: