Оралда клиенттер өртенген моншаның ішінде қалып қойды
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Орал қаласының Солтүстік-Шығыс-2 шағын ауданындағы монша кешенінің бу бөлмесінде өрт шықты. Өрт ғимараттың жертөле қабатында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін ғимараттан тоғыз адам өз бетімен сыртқа шыққан.
Құтқарушылар өртті аз ғана аумақта жедел сөндіріп, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді. Өрт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Бұған дейін Түркістанда өртенген көпқабатты үйден ондаған адамның эвакуацияланғаны хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript