Шымкентте әйел күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: unsplash
Шымкентте 27 жастағы әйел өз күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді. Көршілер болған жағдайға сену қиын екенін айтады. Олардың сөзінше, отбасы тыныш әрі тату көрінген, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының мәліметінше, оқиға жалдамалы үйде болған. Болжам бойынша, ерлі-зайыптылар екі қызын балабақшаға жібергеннен кейін жанжалдасып қалған. Соның салдарынан ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болған. Қақтығыстың нақты неден шыққаны әзірге белгісіз, оны полиция анықтап жатыр.
"Өздерін де, қыздарын да танимыз. Әйелдің өзін жақсы білемін, ал күйеуімен таныс емес едім. Оны көлікпен келгенде және кеткенде ғана көретінмін. Әйел жақсы адам еді, олардың екі қызы бар", – деді көршілері.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бағлан Мырзабаевтың айтуынша, күдікті ұсталған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында отыр.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында 18 жастағы жігітті өлтірген адамның сотталғанын хабарлаған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript