Алматы облысында саунадан өрт шықты

Пожар на складе, горящие склады, горящий склад, тушение склада, возгорание складских помещений, пожарный, пожарные, пожарная служба, тушение пожара, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2026 09:43 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 30 қазанда таңертең Қонаев қаласындағы Қапшағай көшесінде өрт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сауна алты қабатты ғимараттың цокольдық қабатында орналасқан.

Өрт сөндірушілер жеткенге дейін адамдар ғимараттан өздігінен шығып үлгерген. Өрт жалпы аумағы 70 шаршы метрді шарпыды. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сондай-ақ ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салды:

  • электр сымдары мен жабдықтарының жарамдылығын үнемі тексеріп отыру;
  • қосулы тұрған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмау;
  • жылыту құралдарын пайдалану ережелерін сақтау;
  • эвакуация жолдарын бөгемеу.

Айта кетейік, 30 қазанға қараған түні Алматы облысындағы қоқыс полигонын өрт шарпыды. Өрт аумағы 300 шаршы метрді құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: