"Заңды талаптарды орындауды сұраймыз". Алматы полициясы мәлімдеме жасады

Оқу-жаттығу, Алматы, полиция, лаңкестікке қарсы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2026 21:33 Сурет: Іnstagram.com/almaty.police
2026 жылдың 12 қарашасында сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін Жетісу ауданында, Бурундай көшесінің бойындағы теміржол учаскесінде терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара барысында жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысын шектеу көзделмегені нақтыланады.

"Оқу-жаттығудың мақсаты – көлік инфрақұрылымы нысандарында терроризм актісінің жолын кесу тетіктерін жетілдіру. Тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауды және іс-шараға тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Сондай-ақ ресми ақпарат көздеріне ғана сүйеніп, жалған ақпарат таратудан аулақ болуға шақырамыз". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғатыны да ескертіледі.

Бұған дейін 5-7 қараша аралағында Астана көгінде әскери ұшақтар жаттығу жүргізетіні хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: