Сенатта өлім жазасын толықтай жою мәселесі талқыланды
Сурет: ҚР Парламент сенатының баспасөз қызметі
Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz
Биылғы 16 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қазақстанда өлім жазасын толығымен алып тастау керектігін айтқан болатын. Осыған байланысты заң жобасында өлім жазасы түріндегі жазаны алып тастау жөнінде түзетулер көзделіп отыр.
Сурет: ҚР Парламент сенатының баспасөз қызметі
Сенаторлар комитет отырысы барысында елімізде өлім жазасының толық жойылуы – адам құқықтарын қамтамасыз етуге және конституциялық ең жоғары құндылық – өмір сүру құқығына кепілдік беруге ықпал ететінін атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript