Бейбіт Исабаев Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып сайланды
Сурет: Ақорда
Бейбіт Исабаев ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымына сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz
Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев депутаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің құрамында қызмет етуге өтініш білдіргенін айтты. Содан соң Сенат спикері Бейбіт Исабаевты аталған комитеттің құрамына сайлау мәселесін дауысқа салып, өзге депутаттар қолдау білдірді.
Ал сенатор Нариман Төреғалив Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы қызметіне Бейбіт Исабаевты сайлауды ұсынды.
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы қызметіне Бейбіт Исабаевтың кандидатурасын ұсынамын. Бейбіт Өксікбайұлы ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің басшысы, бірнеше елде Төтенше және Өкілетті елші, ҚР президентінің баспасөз хатшысы ретінде және басқа да қызметтерді абыроймен атқарған азамат. Оның білімі мен мол жұмыс тәжірибесін ескере отырып, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымына лайықты тұлға деп есептеймін.Нариман Төреғалиев
Сенаторлар бұл ұсынысты да бірауыздан қолдап, Бейбіт Исабаев Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып сайланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript