Жаңалықтар тізбегі
0

«Жаңа Қазақстан» атты депутаттық топ құрылды

Мәжіліс, "Жаңа Қазақстан", сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2022 16:34 Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі
Депутат Еділ Жаңбыршин парламенттің төменгі палатасындағы жұмыстарды жаңа деңгейге көтеріп және президенттің тапсырмаларын мәжіліс депутаттары тарапынан қадағалау мақсатында «Жаңа Қазақстан» атты депутаттық топ құрылғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz
Президентіміздің Қазақстанды жаңартамын, дұрыс арнаға бұрамын деген ақ ниеті бар. Ал, біз, ел болып оны бірауыздан қолдауымыз қажет! Өздеріңізге мәлім қаңтардың 11 жұлдызында президент парламент мәжілісінің және кешегі Үкіметтің отырысында елімізде атқарылатын біраз маңызды мәселелерді айқындап, нақты міндеттерді қойды. Жалпы қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынаста трансформацияның қажеттілігі туындағанын және «Жаңа Қазақстанды» құру туралы Қасым-Жомарт Кемелұлы қайта-қайта айтып жүр. Мұндай кешенді трансформация ең алдымен парламент қызметінде орын алып, мәжіліс қабырғасынан басталуы шарт! Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин

Депутаттың айтуынша, «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы қоғамдағы ең өзекті мәселелерді дер кезінде Парламент төрінде көтеріп, тұрғындардың мұң-мұқтаждарын уақытында шешуге қызмет етеді. Үкіметпен бірлесіп халықтың руханиятын күшейтетін, әл-ауқатын жақсартатын заң жобаларын дайындауға, сайлаушыларымызбен одан әрі тығыз қарым-қатынастар орнатуға мүдделі.

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы қоғамдағы барлық белсенді саяси партиялармен, наразы топтармен, үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен қоян-қолтық қызмет жасауға ынталы және дайын екенін мәлім етеміз.Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин

«Жаңа Қазақстан» атты депутаттық топ мүшелері:

1.   Абаканов Е.Н.

2.   Абасов К.Б.

3.   Адамбаев С.Ж.

4.   Адамбеков Т.С.

5.   Әбдіғалиұлы Б.

6.   Әміреев Ғ.М.

7.   Әшімжанов Ж.С.

8.   Бейсенбаев Е.С.

9.   Бижанова Г.Қ.

10. Дементьева Н.Г.

11. Дүйсенбинов Б.С.

12. Елеуов Ғ.А.

13. Еспаева Д.М.

14. Жаңбыршин Е.Т.

15.  Имашева С.В.

16.  Кожахметов А.Т.

17.  Құлахметов Ғ.З.

18.  Құспан А.С.

19.  Мусабаев С.Б.

20.  Нақпаев С.Ж.

21.  Нұр Қ.І.

22.  Саиров Е.Б.

23.  Сарым А.А.

24.  Скакова А.А.

25.  Смаилов Е.В.

26.  Смирнова И.В.

27.  Сүлейменова Жұлдыз Д.

28.  Сүлейменова Зулфия Б.

29.  Ташқараев Ғ.Ә.

30.  Тұрғанов Д.Н.

31.  Хамедов А.М.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: