Сенат тарихында алғаш рет мүмкіндігі шектеулі депутат ант қабылдады

Сенат депутаты, мүмкіндігі шектеулі адам, мүгедектігі бар адам, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2022 11:44 Сурет: видеодан үзінді
Сенат отырысында Қазақстан тарихында алғаш рет мүгедектігі бар депутат Ләззат Қалтаева ант қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz
Өздеріңізге белгілі президентіміздің Жарлығымен қаңтар айында Ләззат Молдабекқызы Қалтаева сенат депутаты болып тағайындалды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтың парламенттің депутаты тәуелсіз еліміздің тарихында алғаш рет орын алып отыр. Жалпы мемлекет басшысы бұл санаттағы азаматтардың саяси өмірге белсенді араласуына үнемі баса мән беріп келеді. Ләззат Молдабекқызының сенатор болуы соның нақты нәтижесі.ҚР Парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев

Сенат төрағасы мұндай қадам алдағы уақытта мүгедектігі бар адамдардың саяси және қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыруға ықпал ететіндігіне сенім білдірді.

Өз кезегінде Ләззат Қалтаева Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіне жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: