Мәжілістің екі депутаты мерзімінен бұрын қызметінен босатылды

Мәжілістің екі депутаты, қызметінен босатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2022 10:14 Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс депутаттары Зульфия Сүлейменова мен Владимир Тоқтасыновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісовтің айтуынша, депутаттар берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов олардың атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.

Зүлфия Сүлейменова 2021 жылдың қаңтарынан бастап Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде депутат болып жұмыс істеді.

Владимир Тоқтасынов 2021 жылдың қаңтарында Мәжіліс депутаты болып сайланды. Ол Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитетінде жұмыс істеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: