Жаңалықтар тізбегі
0

Сенат спикері елордаға Астана атауын қайтару мәселесіне қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2022 13:00 Сурет: primeminister.kz
"Елорданың атауына қатысты шешім әлі қабылданған жоқ. Ең бастысы, тұрғындардың пікірін ескеру қажет" деді сенат спикері Мәулен Әшімбаев, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әр адам өз пікірін білдіруге құқылы. Сөз бостандығын береміз дейміз. Егер адам сөйлейтін болса, оған мүмкіндік беру керек. Бізде бұл үшін адамды жауапқа тартатын саясат жоқ. Бірақ бұл жерде ең бастысы – тұрғындардың пікірімен санасу.Сенат спикері Мәулен Әшімбаев

Ол бұған дейін мәжіліс депутаттарының осындай бастама көтергенін, бірақ халықтың не айтатыны басты мәселе екенін еске салды.

Әшімбаевтың айтуынша, мұндай бастамалар көтеріліп, әділетті Қазақстан аясында еститін мемлекет бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр

Осы бағдарлама аясында тұрғындардың пікірімен санасып, қоғамдағы барлық ойды пысықтап, тиісті шешім қабылдау – басты мақсатымыз. Елорданың атауына қатысты шешім әлі қабылданған жоқ. Қазір талқылау процесі жүріп жатыр.Мәулен Әшімбаев

2019 жылғы 20 наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысында Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Бұл бастаманы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: