Қазақстанда толық емес отбасыларға жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау ұсынылып отыр

тұрғын үй, үйдің кілті, баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2022 12:31 Сурет: pixabay
Сенатта "Отбасы банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова толық емес отбасыларды қолдаудың жаңа шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ләззат Ибрагимова банкке толық емес отбасылардан өтініштер көп түсетінін атап өтті.

"Субсидияланатын жалдау төлемдері түріндегі көмек алуға құқығы бар санаттар тізбесін отбасының әрбір мүшесі үшін кейінгі алты айда отбасының ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары жиынтық табысы бар "толық емес отбасылар" санатымен толықтыру ұсынылады"."Отбасы банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова

Оның айтуынша, бұл шара халықтың осы санатындағы әлеуметтік шиеленісті төмендетеді. Себебі олар "Бақытты отбасы" бағдарламасынан жылдық 2 пайызбен несие беруден шығарылды. Бұл ретте олар 5 пайызбен несие беру мүмкіндігімен "Шаңырақ" бағдарламасында қалды.

2022 жылдың 3 қазанында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол толық емес отбасылардың "Бақытты отбасы" бағдарламасынан неліктен шеттетілгенін түсіндірді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: