Сенат депутаттығына 130 кандидат ұсынылды
ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, күнтізбелік жоспарға сәйкес, Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 14 желтоқсан күні сағат 18:00-де аяқталды.
2022 жылғы 29 қараша мен 14 желтоқсан аралығында республика бойынша Парламент сенатының депутаттығына 130 кандидат ұсынылды. Бір депутаттық орынға 6 кандитаттан келеді. Өңірлер бөлінісінде ең көп кандидат ұсынған облыстар: Абай, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары – әр облыстан 8 кандидаттан. Астана, Алматы қалалары 10 кандидаттан ұсынды. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары 5 кандидаттан, Шымкент қаласы 6 кандидат ұсынды.ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров
Оның айтуынша, барлық дерлік кандидат өзін-өзі ұсынған, 130 үміткердің бәрі өз бетінше өтініш берген, солардың ішіндегі 3-інің кандидатурасын кейін жергілікті мәслихаттар қолдаған.
Үміткерлердің орташа жасы – 50,5 жас, ең кішісі 30 жаста, ол Ақтөбе облысынан, ең үлкені 74 жаста, ол сайлауға Батыс Қазақстан облысынан түседі. Кандидаттардың төрттен бірі әйел.
Ол барлық кандидаттың аты-жөні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жарияланатынын айтты.
Үміткерлерді тіркеу рәсімі 24 желтоқсан күні сағат 18:00-де аяқталады.