Мәжіліс сайлауының алдын ала нәтижелері белгілі болды
Сурет: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 19 наурызда өткен ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала нәтижелерін ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлерден жедел деректер бойынша сайлаушылар тізіміне 12 035 578 азамат енгізілді, дауыс беруге 6 366 441 азамат қатысты.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан 7 партия келесідей дауыс жинады:
- Amanat партиясы - 53,90 пайыз, (3 431 510 дауыс);
- "Ауыл" партиясы - 10,9 пайыз, (693 938 дауыс);
- "Ақ жол" партиясы - 8,41 пайыз, (535 139 дауыс);
- Қазақстан халық партиясы - 6,8 пайыз, (432 920 дауыс);
- Respulica партиясы - 8,59 пайыз, (547 154 дауыс);
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 5,2 пайыз, (331 058 дауыс);
- "Байтақ" жасыл партиясы - 2,3 пайыз, (146 4431 дауыс);
- "Бәріне қарсымын" - 3,9 пайыз (248 291 дауыс).
Сурет: Орталық сайлау комиссиясы
19 наурыз, жексенбіде Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Мәжіліc сайлауына 7 саяси партия қатысты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript