Оралда сауна қожайыны асылулы күйі табылды

Сауна қожайыны асылып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2021 20:49 Сурет: Zakon.kz
Суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды

44 жастағы әйел "Нирвана" саунасының қожайыны болған. Көршілері марқұмның мейірімді жан болғанын, араларында ешқашан қандай да бір дау-дамай, жанжал болмағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталы жазғандай, қайғылы оқиға 6 желтоқсанда сағат 21:00-де Молдағалиев көшесіндегі жұмыс орнындағы шаруашылық ғимаратта орын алған.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, әйелдің асылғаннан өлгені анықталды. Суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесіне және ҚР ҚІЖК 201-бабы аясында суицидтің басқа да егжей-тегжейлері мен себептері жария етілмейді.БҚО ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: