Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып кетті
Сурет: pixabay
Қайғылы оқиға 14 желтоқсанда Қызылорда қаласындағы спорт кешендерінің бірінде орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігімен (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау салдарынан абайсызда өліміне әкеп соққан әрекеттер) және 306-бабының 3-бөлігімен (Тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн қызметтер көрсету нәтижесінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер) тіркелді. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Осы оқиғаға жол берген кінәлі адамды анықтау және іс-әрекетке құқықтық баға беру бағытында қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, кешенді тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Қылмыстық іс Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript