Көкшетауда тұрғын үй корпоративінің басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Ақмола облысының 41 жастағы тұрғыны үстінен 30-дан астам адам шағым түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz
2022 жылдың 11 қаңтарында Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының тұрғынынан арыз келіп түсті. Ол 2019 жылы тұрғын үй кооперативтерінің бірінің басшысы "үй алып беремін" деген желеумен 3,6 млн теңге ақшасын иемденгенін жеткізді.Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Полицияға басқа да зардап шегушілер атынан арыздар әлі келіп түсіп жатыр.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі, "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript