Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін 2 мыңнан астам адам ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы жаппай ұсталғандар жөнінде ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz
Орталықтың мәліметінше, тексеру жұмыстары қаланың Жетісу және Наурызбай аудандарында жүргізілген.
Заңсыз әрекеттерге, тонау және басқа да қылмыстарға қатысқан 2159 адам ұсталды. 67 қару-жарақ пен 3112 оқ-дәрі тәркіленді.
Соңғы тәулікте "102" нөміріне 754 хабарлама түскен.
Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 175 дабыл түсті. Барлық хабарламалар өңделді.Алматы комендатурасының ақпарат орталығы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript