Маңғыстау облысында жас маман мұғалім вакансиясына 750 мың теңге төлеген

Алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2022 23:48 Сурет: Zakon.kz
Ол аталған сомаға танысын кез-келген аудандағы мектепке мұғалім етіп орналастыруға уәде берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының мәліметінше, жас маман сұралған ақшаны берген, бірақ уәде етілген жұмыс болмаған соң полицияға арызданған. Қылмыстық іс "Алаяқтық" бабы бойынша қозғалды.

Сотқа тартылушының бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Ол кінәсін толық мойындап, өз әрекетіне өкінетінін айтып, жәбірленушіден кешірім сұрады, сондай-ақ соттан өзіне қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Мұнайлы аудандық сотының судьясы Берік Өтеев

Белгілі болғандай, сотта әйел кінәлі деп танылып, оған 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: