Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ: Бүлікшілер келтірген залалдың жалпы сомасы - 87 млрд теңге

Залал сомасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2022 19:44 Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ОКҚ-да өткен брифингіде қаңтар оқиғаларына байланысты жүргізілген қылмыстық істер бойынша тергеу барысында жаңартылған мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әділов ішкі істер органдары тергеп жатқан қылмыстардың негізгі үлесін, шамамен 70% немесе 1356-ысы, негізінен, тәртіпсіздіктер кезіндегі аласапыранды пайдаланып, Алматының сауда нысандарының тоналуына қатысты істер екенін жеткізді. Оның ішінде 127 қылмыстық іс атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау, тағы 30 іс оларды ұрлау фактілері бойынша тергелуде.

Сонымен қатар, 63 қылмыстық іс мүлікті қасақана бүлдіру және талқандау, 12-сі көлікті айдап әкету, 24-і қарақшылық және тонау, 23-і құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріне қол сұғу және күш қолдану фактілері бойынша тіркелді.

Ұрлық пен тонау фактілері бойынша барлығы 274 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандардың кінәсі ұрланған тауарлар мен қару түріндегі тәркіленген заттай дәлелдемелер, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары, әлеуметтік желідегі видеолар, сондай-ақ күдіктілердің ұялы телефондарынан табылған деректер бойынша дәлелденеді. ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов

Оның айтуынша, 19 қаңтарда Алматыда облыстың 18 жастағы тұрғыны ұсталды, бозбаланың ұялы телефонынан дүкендердің бірінен азық-түлік ұрлап жатқандары, ұрланған заттармен түскен "селфи" сипатындағы видеожазбалар табылды, сондай-ақ оның көшеде бір полиция қызметкерін қатыгездікпен топ болып соққыға жығу фактісі анықталды.

Бұл видеоның барлығын күдіктінің өзі түсірген. Ол уақытша ұстау абақтысына қамалды. Мұндай фактілер көп. Қазіргі уақытта өндірістегі қылмыстық істер бойынша алдын ала залалдың жалпы сомасы 87 млрд теңгеден асты. Зардап шеккен адамдардың өтініш беруіне қарай бұл сома өсу үстінде. Санжар Әділов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: