Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО Полиция департаментінің бастығы болып Серік Жүнісбеков тағайындалды

Полиция Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы болып Серік Жүнісбеков тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы лауазымына Серік Жүнісбеков тағайындалды.

Жүнісбеков Серік Тұрсынәліұлы құқық қорғау органдарында 2001 жылдан бастап қызмет етеді. Жамбыл облысы Тараз қаласының тумасы. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің магистратурасын бітіріп, 2007 жылы ҚР ІІМ Академиясының күндізгі бөлімінің адъюнктурасын бітірген.

Қызметтік жұмысын Жамбыл облысы ІІБ 2-ші полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі болып бастаған.

Қызмет ету жылдарында әртүрлі басшылық лауазымдарда, атап айтқанда Жамбыл облысы ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы, Жамбыл облысы ІІД бастығының орынбасары, М.Есболатов атындағы ІІМ Академиясы бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.

Жоғары кәсіби біліктілігі үшін 2019 жылы Алматы облысының Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалған. Ағымдағы жылдың наурыз айының басынан қазіргі уақытқа дейін ШҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып қызмет етті.

Ол 2021 жылы наурыз айында ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары тағайындалған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: