Орал қаласының ПБ бастығының орынбасары пара алу кезінде ұсталды

Пара, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2022 13:23 Сурет: Zakon.kz
Орал қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті жүргізген жедел іс-шаралар барысында оның ұсталғанын нақтылады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 366-бабы (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторында.

ІІМ лауазымға және атаққа қарамастан, пара алу және полицейлер жол берген азаматтардың құқықтарын бұзу фактілерінің  жолын одан әрі де кесетін болады. Олардың кесірінен Қазақстан халқына қызмет ететін адал және таза полицейлердің атына кір келтіріледі. Қатардағыларды тазарту жалғасуда. ҚР ІІМ ӨҚД бастығы Арман Саданов
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: