Вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланды
Бұған дейін әлеуметтік желіде блогер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және Азімжан Саидбаев деген азамат қаржы пирамидасын құрған деген күдікке ілінгені туралы хабарлама тарады. Кейін Алматы қалалық соты бұл ақпаратты растады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің "Қаржы пирамидасын құру және басқару" туралы 217-бабымен күдікке ілінді. Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бір күн бұрын кепілмен босатылған.
Бүгін, 11 ақпанда Алматы полициясы шағым түсірді.
Қылмыстық кодекстің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы («Қаржылық «инвестициялық» пирамиданы құру және басқару») бойынша қылмыс жасады деген күдікпен 30.09.1986 жылы туған Қырғызстанның тумасы Саидбаев Әзімжан Алымджановичті іздейміз.Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Полиция Саидбаев туралы ақпаратты мына нөмірлерге хабарласу арқылы беруді сұрады: +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51
Қалалық ДП ақпаратына сай, Алматы полиция департаментіне бір топ азаматтан «Astex.kz» ЖШС, «ACD Technology» ЖШС тұлғаларына қаржы пирамида құру және оны басқару фактісімен ұжымдық арыз келіп түскен. Қылмыстық іс осы арыз негізінде қозғалып отыр.
Анықталғандай, 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейін аталған ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажет деп болжанатын қаражатты тарту бойынша бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасқан. Екіжақты құжатқа сай, компаниялар ай сайын әрбір салымшыға төлеген жарна сомасының 20%-ын төлеуге уәде берген. «Astex.kz» ЖШС-не 162 салымшының екі миллиард теңгеден астам қаржысы басқа компания – «Mudarabah capital» ЖШС арқылы түскен.Алматы полиция департаменті баспасөз қызметі