Елорда полицейлері қала тұрғындарына жолда мұқият болуды ескертеді
Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі
Елордада өткен тәулікте 114 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz
Қатты жауын-шашынға байланысты қалалық полиция департаментінің патрульдік көліктердің сүйемелдеуімен коммуналдық қызметтер көшелерді тазалау жұмыстарын жүзеге асыратын арнайы техниканың барынша көп санын жұмылдырды.
Жүргізушілерді өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, күрт тежеуге жүгінбеуді, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын орындауды, көлікті жолдың жүру бөлігінде қалдырмауды және тазартатын техникаға кедергі жасамауды сұраймыз. Нұр-Сұлтан қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков
Механикаландырылған жинауға кедергі келтіретін көше бойында автокөліктерді қою фактілері бойынша жүргізушілерге қатысты әкімшілік шаралар қолданылатын болады, сондай-ақ көлік құралдары эвакуацияланатын болады.
Ауа-райы жағдайын ескере отырып, полиция қызметкерлері қызмет өткеру кезінде балалар мен қарт жаяу жүргіншілерге жол бойында көмек көрсетеді.
Жаяу жүргіншілер көлік құралының толық тоқтағанына көз жеткізіп, белгіленген орындарда жүріс бөлігінен өтуі керек. Жол қозғалысына қатысушылар сақ болыңыздар, бір-біріңізді құрметтеңіздер. Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі
Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript