Қызмет орнын тастап кеткен органдағы лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу басталды
Сурет: Zakon.kz
Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Президентке «қасіретті қаңтар» оқиғасын тергеп-тексеру жұмыстарының барысы және рұқсат етілмеген тергеу әдістеріне қатысты азаматтар мен құқық қорғаушылардың мәліметтері негізінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәртіпсіздіктер өршіп тұрған кезде қызметтік ғимараттарды тастап кеткен күштік құрылымдар органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты бөлек тергеу жүргізілуде. Осындай әрекеттердің салдарынан Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында құқық қорғау органдарының арсеналындағы 1500-нан астам қару қылмыскерлердің қолына түскен, деп хабарлайды Ақорда.
Алдында Тоқаевқа «қасіретті қаңтар» оқиғасын тергеп-тексеру жұмыстарының барысы баяндалғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript