Елордада 300-ге жуық сотталған қоғамдық жұмысқа жегіліп, қар тазалады

Қоғамдық жұмыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2022 20:16 Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық ҚАЖД баспасөз қызметі
300-ге жуық сотталған қоғамдық жұмысқа жегіліп, елорда көшелерін тазалауда қосымша күшке айналды, деп хабарлайды Zakon.kz

Пробация қызметінің бақылауымен 300-ге жуық сотталған жас қоғамдық жұмысқа тартылып, белгіленген нысандарға жолданды. Олар күніне 4 сағаттан жазаларын өтеді.

29 жастағы Андрей (аты өзгертілген) бұрын сотталмаған, тіпті әкімшілік құқық бұзушылықтарға да тартылмаған. Қылмыстық теріс қылығы үшін жас жігіт 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегіліп, жазасын толығымен өтеп шыққан.

Қоғамдық жұмыс түріндегі жаза – қылмыстық теріс қылық жасаған тұлғалар үшін тәрбиелік шара. Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: