Жаңалықтар тізбегі
0

Қаңтардағы тәртіпсіздік: 1006 қару мен 20 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді

қару, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2022 16:25 Сурет: pixabay
Ішкі істер министрлігі қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысушылардан ұрланған қаруларын өз еркімен тапсыруға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділовтың айтуынша, бүгінде 1006 қару-жарақ пен 20 307 оқ-дәрі тәркіленген.

Қылмыскерлердің ұрланған қаруды сату фактілері де анықталды. Мысалы, 18 ақпанда Жамбыл облысы Байзақ ауданында криминалдық полиция қызметкерлері 45 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұрланған Калашников автоматын сатып жатқан жерінен ұстады.

Жеке тінту кезінде күдіктіден қару-жарақ сатудан түскен 300 мың теңге, ал көліктен оқ-дәрілерімен бірге екі Калашников автоматы тәркіленді. Барлық күдіктілер прокуратурамен келісе отырып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Санжар Әділов

Қазақстандықтар 100-ден астам қаруды өз еркімен тапсырған.

Қаруын өз еркімен тапсырған адамдар әрекеттерінде басқа жасаған қылмысы болмаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын естеріңізге саламыз.Санжар Әділов

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Алматы әуежайын басып алуға қатысушыларды ұстағанын хабарлаған еді. Олардан тапанша мен пулеметтердің патрондары салынған мырыш жәшіктері, сауыт-саймандары, танкке қарсы екі жауынгерлік снаряд, тегіс ұңғылы мылтық, жеті пневматикалық мылтық тәркіленді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: