Қызғаныштан өлтіріп алған. Алматы облысында әйелімен ажырасқан ер адам ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға Көксу ауданының Ақшатоған ауылында орын алды. 7 наурызда жалғыз өзі жас баласын тәрбиелеп отырған 25 жастағы әйел із-түссіз жоғалып кеткен. Хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз аудандық полицияға 9 наурызда келіп түсті, бірақ оны іздеу жұмыстарынан нәтиже болмаған. 24 наурызда оның 29 жастағы бұрынғы күйеуі жауапқа алынды. Нәтижесінде, ер адам қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды.
Алдын ала болжам бойынша, ол әйелін қызғаныштан өлтірген. Жәбірленушінің денесі жерленген орын қызметтік-іздестіру иттің көмегімен ауылдың шетінен табылды.Ұсталған азаматтың айғағы бойынша, ол әйелімен ажырасып, Талдықорғанда тұрған. Ол баланы көру үшін келіп тұрған. Ал 7 наурызда мас күйінде үйге келіп, екі жұптың арасында жанжал туындаған, ақыры кісі өлімімен аяқталған. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы, яғни "Адам өлтіру" бойынша тергеу шарасы қолға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript