Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда полицейлерден қашқан көлік видеоға түсіп қалған

Әкімшілік құқық бұзушылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2022 21:17 Сурет: Zakon.kz
Нұр-Cұлтан қаласының полицейлері түнде мас жүргізуші тізгіндеген көлікті артынан қуды, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 сәуірде сағат 3: 52-де Тәуелсіздік даңғылында жол ережесін өрескел бұзған Citroën көлігі полиция көзіне түсті.

Полиция көлікті тоқтатуға тырысты. Алайда жүргізуші тежегіштің орнына газды баса түсті.

Патрульдер оны артынан қуа жөнелді. Қуғыншылар осылайша Көктал ықшам ауданынан бір-ақ шықты.

Citroën көлігін Тілендиев даңғылы бойында патрульдік көліктер қаумалап, тоқтатуға тырысты, бірақ жүргізуші қызметтік көліктердің бірін ығыстыруға көшті.

Полиция қару қолдануға мәжбүр болды. Олардың бірі жол ережесін бұзушы көлігінің дөңгелектеріне оқ атты.

Қызметтік қаруды қолдану салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. 21 жастағы көлік жүргізушісі ұсталды. Куәландыру нәтижелері бойынша ол мас күйінде болған. Тексеру барысында көлік салонынан Ресейде есепке алынған мемлекеттік тіркеу нөмірі табылды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ұсталған азамат бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған болып шықты. Тәртіп бұзушыға қатысты бірден 19 әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы бойынша бағдаршамның тыйым салатын белгісін елемегені үшін 12 хаттама толтырылды, сондай-ақ жол белгілері немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалар талаптарын сақтамағаны үшін, жол жүрісіне қатысушының жол жүрісі қағидаларын апаттық жағдай туғызуға әкеліп соққаны үшін, ішкі істер органдары қызметкерінің талаптарын орындамағаны үшін және тағы басқалар.

Көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімі бойынша тәртіп бұзушы 20 тәулікке қамауға алынды, сондай-ақ жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: