Алматыдағы денсаулық сақтау департаменті бөлімінің экс-басшысы үш жылға сотталды
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның айтарлықтай мөлшерде пара алу фактісі бойынша іс (ҚР ҚК 366-бабы, 2-бөлігі) Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында қаралды.
Сот 2021 жылдың маусым айында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы болған кезде С. 78 млн теңгенің "қысқа ішек синдромы" диагнозымен ауыратын балаларға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы ретінде тендерді ұтып алып беруі үшін ЖШС-дан жоғарыда көрсетілген шарт сомасының 10% мөлшерінде пара талап еткені анықтады. Алматы қаласы Медеу ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметі
Шенді келісімшарт жасау және оны жүзеге асыруда көмектесуге уәде берген, оған қоса ЖШС-ға тендерге қатысушылар тізімінен алып тастаймын деп қорқытқан.
ЖШС құрылтайшысы жағдайды басқа жолмен шеше алмағандықтан, қажетті соманы береді.
Сот кәмелетке толмаған балалары барын кінәсін жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Сот қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған адамның берген кәсіби антын бұзуын кінәсін ауырлататын мән-жай деп тапты.
Сотта С. өз кінәсін мойындамады әрі жасаған ісіне өкінбейтінін айтты.
Сот үкімімен С. айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте және оның ведомстволарында, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызметтер атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алматы қаласы Медеу ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметі