Желіде қалдырған пікірі үшін павлодарлық қамауға алынды

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты әлеуметтік желіде ел тұрғындарының ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін пікірлері үшін 59 жастағы қала тұрғынына қатысты істі қарады, делінген соттың сайтында.
Сот 2022 жылдың 13 сәуірінде Павлодар қаласында «Instagram» әлеуметтік желісінің полицейлерімен «Vpavlo» парақшасында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында «М» қолданушысы ел тұрғындарының ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін пікірлер жазған, сол арқылы қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.
Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «Vpavlo» парақшасында Павлодар қаласының атын өзгерту туралы петициясында Қазақстан тұрғындарының атына қорлайтын пікірлер қалдырғанын және сол қылығы үшін өкінетінін түсіндірді.
Қоғамдық төртіпті бұзу – бұл мораль мен құқық нормаларды, заңсыз әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді бұзумен байланысты кез келген заңсыз әрекеттер.
Сот М.-ны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған үш тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.