Генерал-майор Қайдар Қарақұлов ұсталды

Қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2022 19:48 Сурет: sarbaz.kz
Таразда "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы, генерал-майор Қайдар Қарақұлов ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
19 сәуірде прокуратураның келісімі бойынша Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы өрт пен жарылыс фактілеріне қатысты қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы (немқұрайлылық) бойынша күдікті деп танылған "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы уақытша ұстау изольяторына қамауға алынды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

15 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қайдар Қарақұловты "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатқаны белгілі болды.

26 тамызда Тараз маңындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыс болып, салдарынан 17 адам қаза тапты.

6 желтоқсанда Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин арнайы тексеруден кейін анықталған бұзушылықтар туралы мәліметті жария етті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: