Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында 11 жастағы баланы ит қауып алды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2022 21:59 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
11 жастағы бала стадионда жаттығу жасап жатқан кезде, оған ит тап берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 сәуірде кешке Аршалы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан шығыс еуропалық тұқымды иттің иесі – Жібек Жолы ауылының тұрғынына қатысты шара қабылдау туралы өтініш келіп түсті.

Оқыс оқиға стадионда орын алған. 11 жастағы бала жаттығу жасап жатқан кезде, оған ит тап берген. Медициналық мекемеде “сол қолдың тістеген жаралары, іш қуысының жарақаттары” диагнозы қойылды. Жеке тергеу барысында учаскелік полиция инспекторы иттің иесін анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабының 1-бөлігі 4-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ережеге сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында, балалардың аула алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейінгі және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында иттерді серуендетуге тыйым салынады. ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабының 4-тармағына сәйкес, үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін ескерту немесе жеке тұлғаларға 10 АЕК, лауазымды тұлғаларға 20 АЕК және заңды тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: