Жаңалықтар тізбегі
0

Елордалық полицейлер кішкентай баласы бар қала тұрғындарына ескерту жасады

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2022 13:33 Сурет: pixabay
Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының аумағында балалардың терезеден құлауы бойынша сегіз жағдай тіркелді. Осыған байланысты полицейлер астана тұрғындарына негізгі қауіпсіздік ережелерін еске салады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ПД баспасөз қызметі атап өткендей, жазатайым оқиғалардың басым бөлігі ата-аналардың балалар қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауына байланысты орын алады. Бала ересектердің көз тайғанда әрі терезе ашық болған жағдайда қауіп-қатерге бас тігу ықтималдылығы өте жоғары.

Бала терезеден құлап кетпесі үшін мыналар ұсынылады:

  • егер үйде бала болса, терезелерді ашық ұстамаңыз. Қасында екенмін деп баланы көзден таса қалдыруға болмайды, бір-екі секунд та баланың қатерге бас тігуіне жеткілікті;

  • ешқашан москит торларға сенім артпаңыз, балалар көбіне содан ұстаймын деп құлап кетеді;

  • бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп терезелерге арнайы қорғаныс бекіткіштерін орнатыңыз;

  • барлық жиһазды терезеден алыс қойыңыз, бұл баланың терезе алдына өздігінен шығуына мүмкіндік туғызбайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: