СҚО-да жоғалған ер адам бір апта бойына іздестіріліп жатыр

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2022 14:18 Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі
Келлер ауылының 57 жастағы тұрғыны Константин Багинский 8 мамырда жоғалып кетті. Оны іздеуге Тайынша ауданының полицейлері, еріктілер, мұғалімдер, өрт сөндірушілер, жергілікті әкімдік қызметкерлері және "Қазақтелеком" қызметкерлері де шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздеу жұмысына барлығы 25-ке жуық адам жұмылдырылды. Олар ауылдық полиция бөлімшесінің жеке құрамымен бірге сектор-секторға бөлініп, айналаны сүзіп шықты.

Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі

Жоғалған ер адамның белгілері: бойы - 165 см, арықтау, шашы мен мұртына ақ түскен. Үстіндегі киімі - қара күртеше, сегіз қырлы телпек.

Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлері бұл адамның жүрген жерін білетін адамдардан Тайынша қаласындағы мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 8(715-36) 21-2-40, 22-8-75 телефондары немесе "102" шұғыл байланыс желісі.

СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиевтің айтуынша, жыл басынан бері облыстық полиция бөлімшелеріне адамдардың белгісіз бағытқа кетіп, жоғалып кетуі бойынша 141 арыз келіп түскен, оның ішінде 138-і табылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: