Бір отар қойды көлігімен жапырып өткен жүргізуші өз ісіне өкінетінін айтты
Сурет: pixabay
20 мамырда Ұйғыр ауданында мас жүргізуші көлігімен бір отар қойды жапырып өткен. Полиция тәртіп бұзушыны ұстап, қамауға алды. 21 мамырда желіде ер адамның өз ісіне өкінетінін айтып, кешірім сұраған видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнында 30-дан астам өлген мал табылды. Олардың арасында қой, ешкі, сондай-ақ қозы мен шыбыштар да бар.
Ұйғыр аудандық полициясы Ақсай - Шонжы – Қалжат тас жолының 55-ші шақырымында Toyota Land Cruiser-дің қатысуымен жол апаты орын алғанын хабарлады. Медициналық тексеру қорытындысы жол талғамайтын көлік тізгініндегі 25 жастағы Талғар тұрғынының мас болғанын нақтылады. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, бірақ көп ұзамай ұсталып, қамауға алынды.
Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы, яғни "Мас күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы" және 610-бабы "Адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге мүліктің бүлінуіне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша жауапкершілікке тартылды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Ер адам камера алдында өз ісіне өкініп, жол берген қателіктерін қайталамауды және мас күйде көлік рөліне отырмайтынын айтып, ант-су ішті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript