Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавлда полиция қызметкерін өлтіріп кетті

Кісі өлтіру фактісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2022 21:40 Сурет: polisia.kz
2022 жылы 25 мамырда қаланың ықшам аудандарының біріндегі өз үйінде кеудеге келтірілген пышақ жарақаты белгілерімен 1990 жылғы учаскелік полиция инспекторының (Петропавл қаласының полиция басқармасында жұмыс істеген) денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған фактіні Петропавл қаласының ПБ Тергеу басқармасы сол күні тіркеп, ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі, яғни "Кісі өлтіру" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.   

Облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов осы іс бойынша жәбірленуші полиция қызметкері болғанын, бірақ аталған қылмыстың  оның кәсіби қызметімен байланысты емес екендігін түсіндірді. Тергеушілердің негізгі нұсқасы бойынша  бұл кісі өлтіру ұрыс және жағымсыз қарым-қатынас  негізінде орын алған.

Аталған нұсқа бойынша осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен  жәбірленушінің әйелі тергеуге алынып жатыр. Қазіргі уақытта іс бойынша барлық жағдайды анықтауға бағытталған барлық қажетті және жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу қорытындылары туралы  тұжырым жасауға әлі ерте. Сот сараптамалары тағайындалады. Болжамды қылмыс қаруы алынды. Тергеу барысы СҚО прокуратурасының бақылауына алынды.            Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Жәбірленушінің артында екі кішкентай баласы қалды.

                              

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: