«Үй иесін сыммен қылқындырған». Ақтау полициясы қарақшыларды іздестіріп жатыр
Сурет: Zakon.kz
Ақтауда полиция пәтерді тонап, үй иесін өлтіріп кете жаздаған күдіктілерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үйге ұры түскені туралы ақпарат "102" шұғыл байланыс желісіне 22 маусымда сағат 15:25-те келіп түсті, деп хабарлайды Lada.kz.
Белгісіз біреулер 4 ықшам аудандағы пәтердің біріне бас сұққан. Үйде кішкентай баласы бар әйел болған.
Шақырту бойынша оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, сондай-ақ жедел-тергеу тобы аттанды.
Екі бөтен ер адам екінші қабаттағы көршінің үйін тонады. Онда кішкентай баласы бар әйел болған, күйеуі жұмыста болыпты, есік құлыптамаған, қаскөйлер кіріп, әйелді сыммен қылқындырып, азаптап, пәтерді тонаған. Құдайға сақтап, әйел тірі қалды, - дейді жәбірленушінің көршілері.
Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі қазіргі уақытта күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript