Оралда жол апатынан жүкті келіншек пен үш жасар бала зардап шекті

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2022 23:45 Сурет: Zakon.kz
Брусиловский көшесі мен Саратов тас жолының қиылысында жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, Volkswagen және Lada көліктері соқтығысқан. Салдарынан 60 жастағы жүргізуші тізгіндеген Lada аударылып қалған. Volkswagen-де жүргізушіден бөлек 28 жастағы әйел мен үш жасар бала болған. Олар ауруханаға шұғыл жеткізілді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы бала мен әйел жабық бас сүйек-ми жарақаты және мидың шайқалуы диагнозына қатысты тексеріліп жатқанын айтты. Әйел облыстық көпбейінді ауруханаға, бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

Екі көліктің жүргізушілері де зардап шеккен жоқ.

Тергеу амалдары қолға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: