Алматыда Ана мен бала институтындағы әйел өліміне қатысты іс қозғалды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2022 23:39 Сурет: Zakon.kz
30 маусымда "Акушерлік, гинекология және геронтология ғылыми орталығы" АҚ-та қайғылы оқиға орын алды. Осыдан жеті күн бұрын 34 жастағы әйел кесарь тілігінен кейін комаға түсіп қалған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында барлық қажетті тергеу әрекеттері қолға алынып, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры Асхат Жақыпов

Қылмыстық істі тергеу барысын аудан прокуратурасы айырықша бақылауына алды.

Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды: жаңа туған ұлы мен 11 жасар қызы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: