Алматылық жалғызбасты әйелге қарулы шабуыл жасалды
Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының 19 жастағы тұрғыны түнде жалғызбасты әйелдің үйіне түсіп, қарулы шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол әйелді пышақпен қорқытып, жинаған ақшасы мен бағалы заттарын беруді талап еткен.
Әйел адам оның айтқандарына көнген. Сонымен қатар, қаскөй оның телефонын иемденіп, содан кейін мобильді қосымшаны пайдаланып, оның банк шотындағы ақшасын шешіп алған. Бұл туралы жәбірленуші бірден полицияға хабарлаған. Дереу тергеу-жедел тобы құрылып, шабуыл жасаған адамды анықтады және ұстады. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы (Қарақшылық) бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол – Алматы облысы, Панфилов ауданының тұрғыны, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript