Алматыда кілт тоқтаған автобустағы жолаушы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
Автобус Саин көшесінің бойымен солтүстік бағытқа қарай жылжып келе жатқан. Шамамен сағат 11:10-да жүргізуші тежегішті шалт басып, салдарынан салондағы жолаушылар еденге құлады.
Олардың бірі – 1947 жылғы әйел көптеген дене жарақатын алып, №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.
Әлеуметтік желіде туыстарының жазуынша, әжей жансақтау бөліміне түскен. Оның алты қабырғасы сынып, бас-ми жарақаты, кеуде тұсының көгеруі, миына қан кетуі сынды зардапқа тап болған.
Туыстарының айтуынша, автопарк әкімшілігі олармен байланысқа шықпаған.
Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі бұл факті Әуезов ауданының ПБ тергеуге алғанын хабарлады. Тиісті сараптамалар тағайындалатын болады. Жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Алматыэлектротранс тергеу шаралары аяқталғаннан кейін түсініктеме беретінін жеткізді.