Алаяқ келіншек Қызылорданың қос тұрғынын алдап, 1 млн теңгені иеленген

Алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2022 20:08 Сурет: Zakon.kz
3 тамызда Қызылорда қалалық полиция басқармасына екі тұрғын алаяқтық дерегі бойынша арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушілердің айтуынша, олардан күдікті азаматша жаңадан ашылатын емханаға жұмысқа орналастырып беремін деп алдап, 1 млн теңгеге жуық ақшаларын алған. Жедел-іздестіру шараларының барысында 49 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтау үстінде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: