Алматы облысында жеңіл көлік тас жолдан ұшып, жарға құлады

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2022 21:57 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде биіктегі жолдың күрт бұрылысында Mazda жеңіл көлігінің тік жартастан ұшып кеткен видеосы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облыстық полиция департаменті 2022 жылдың 2 тамызында сағат 13:30 шамасында "Түп-Кеген-Көкпек" тас жолының 12 шақырымында жол апаты орын алғанын хабарлады.

52 жастағы Mazda көлігінің жүргізушісі аталған тас жолмен келе жатып, рөлге ие алмай, жол шетінен жарға қарай ұшып кеткен.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жол-көлік оқиғасы фактісіне сәйкес, ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: