Ақмола облысында екі алаяқ төрт ай бойына дүкеннен тегін сауда жасап жүрген
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2021 жылдың тамыз айынан қарашаға дейін Көкшетаудың екі тұрғыны азық-түлік дүкенінен сауда жасап, тауарды су тегін иемденіп жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар Красный Яр ауылындағы дүкендегі кассирлер мобильді қосымша арқылы ақша аударған кезде тек түбіртекті сұрайтынына назар аударатынын байқаған. Ал тауарды ақша аударымын растаусыз босата береді.
Осыны ұтымды пайдаланған екеу тауарды таңдап, бағасын нақтылап алған соң сатушыларды алдаған. Алаяқтар смартфондағы қосымшаны қолдана отырып, жалған төлем чегін көрсеткен.
Шығын сомасы 3 млн 62 мың теңгені құрады.
Көкшетау қалалық сотының үкіміне сәйкес, қаскүнемдер ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript